Өңірлер

Жекешелендірудің екінші толқыны бәсекелестікті арттырады – Өтепов

Жекешелендіру нысандарының бастапқы құны орташа есеппен 30%-ға артты, бұл дегеніңіз саудаға қатысушылардың қызығушылықтарының артуына дәлел болады. Бұл туралы Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан20 Тамыз , 17:23

«Әрине, саудаға қатысатын адамдардың саны айтарлықтай артып, мүліктің құны бұрынғыдан да төмендеді, өйткені біздің голландық әдістемеге өтуімізге тура келді. Қазіргі таңда орташа есеппен бастапқы құны 30% артық. Демек бюджетке де мол қаражат түспек», - дейді.

Сонымен қатар, Э.Өтеповтың айтуынша, электронды сауда бір орында отырып саудаға шығарылатын мүлік туралы ақпарат жинауына мүмкіндік береді.

«Электронды түрде сауда жүргізудің бір артықшылығы ретінде саудаға қатысушының нысан туарлы жан-жақты ақпаратты бір орында отырып алу мүмкіндігіне қол жеткізуін айта аламыз. Бұл еліміздің әр өңірінде жұмыс істейді. Біз қазір холдингтердегі барлық ақпараттарды жекешлендірудің екінші толқынын электронды сауда алаңына жүктеуге көшіп жатырмыз. Онда мүлік құны мен бастапқы ағасы, сатылым мерзімі мен нысандар саны да көрсетілетін болады», - дейді.

Сонымен қатар, электронды сауда жемқорлықтың жолын біржола кесіп, бәсекелістіктің артуына ықпал етеді.

«Менің ойымша, электронды сауда дегеніміз – қатысушылар үшін айтарлықтай үлкен артықшылық. Сатып алушылар өздерінің мүмкіндіктерімен, қаражаттарын тиімді пайдалану тетіктерін қаарстыра алады», - дейді Э.Өтепов.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика