Өңірлер

Ақмола облысы Астрахан ауданында нан қабылдау пункті астықты 17 елге экспорттайды

Ақмола облысы Астрахан ауданындағы «Бетеге-У» ЖШС нан қабылдау пункті астықты әлемнің 17 еліне экспорттайды, деп кәсіпорын директоры Сергей Коломоец мәлімдеді.
Ақмола20 Тамыз , 17:06

«Бүгінде кәсіпкерліктің сиымдылығы - 55 мың астықты бір уақытта сақтау. Лаборатория, заманауи сертификатталған қондырғыны біз Франциядан жеткіздік. Кептіргіш сағатына 50 тонна астықты өңдейді, ол тәулігіне 800 тоннаны қабылдайды», - деді ол.

Оның айтуынша, ору уақытында кәсіпкерлік тәулік бойы жұмыс істейді.

Қазіргі таңда кәсіпорында 55 адам жұмыс істейді.

«Біз сонымен қатар, 17 елге астық экспорттаймыз. Әсіресе, Оңтүстік-шығыс Азия елдері және Қытай басымдылық алып отыр. 80 мың тонна астықты біз оларға  жөнелттік», - деді ол.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика