Адами капитал

Ақтөбеде «Балаларға мейірім сыйла» қайырымдылық шарасы өтті

Ақтөбеде мәслихат депутаттарының орта мектеп оқушыларына арнап ұйымдастырған «Мектепке жол» акциясы аясында «Балаларға мейірім сыйла» қайырымдылық шарасы өтті.
Ақтөбе20 Тамыз , 19:26

Шараға Ақтөбе облысы мәслихатының хатшысы С.Қалдығұлова, оқушылардың ата-аналары, облыстық білім беру басқармасының  өкілдері қатысты.

«Акцияның мақсаты қайырымдылық сипатта. Яғни, барша бүлдіршіннің орта білім алуына мүмкіндік жасау. Сонымен қатар, жаңа оқу жылы басталар тұста балаларды жан-жақты қолдау болып табылады. Биыл ол «Балаларға мейірім сыйла!» ұранымен өткізілуде. Осы орайда, біз, депутаттар, әрине, бейтарап қала алмай, шараға белсенді түрде ат салысудамыз», - дейді облыстық мәслихат хатшысы.

Оқушылар депутаттардың қолынан жаңа киім-кешек пен мектепке қажетті құралдар және ескерткіштер мен тәттілер алды.

Естеріңізге сала кетейік, Президенттің тапсырмасымен аталмыш акция еліміздің әр өңірінде осымен жетінші рет өткізілуде. 




Яндекс.Метрика