Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы талқыланды

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстың филиалының кезектен тыс ХІХ партиялық конференциясына қатысты, деп «Нұр Отанның» ресми порталы хабарлады.
Ақмола20 Тамыз , 17:59

Бүгінге күнге дейін сарапшылар қауымдастығы мен интернет-пайдаланушылардан бағдарлама мәтініне орай 700-ге жуық ұсыныстар мен толықтырулар түсті.

«Конференция барысында қатысушылар тарапынан құқық негізі мен қосымша факультативтік сабақтар пәндеріндегі оқу процесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қалыптастыру мәселесін зерттеуді енгізуді бағдарлама жобасында қарастыру ұсынылды. Сондай-ақ партия мүшелерінің этикалық үлгісінің ережелерін әзірлеу, әлеуметтік-маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асырғанда қоғамдық тыңдаулар өткізу, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық қылмысына байланысты мерзімнің өтіп кетуінің күшін жою сияқты ұсыныстар түсті», - делінген хабарламада.

Партия активінің алдында сөз сөйлеген Төрағаның бірінші орынбасары Б.Байбек барлық күш-жігердің келесі мәселелерді шешуге: аймақтардағы партия қызметін күшейтуге, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бақылаудың әрекеттілігін арттыруға, қоғам мен биліктің кері байланысын арттыруға, үкіметтік емес ұйымдармен жүйелі қарым-қатынас орнатуға, жастармен жұмыс жандандыруға жұмылдырылатынын атап өтті. Сонымен қатар, партияның өз қызметінің ашықтығы мен жұмысының тиімділігін арттыруға зор көңіл бөлінбекші.




Яндекс.Метрика