2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Б. Байбек Көкшетаудың жұмысшы жастарымен кездесті

Бүгін жұмыс сапарымен Ақмола облысына келген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Көкшетау қаласында құбырлар мен авицияға қосалқы бөлшектер шығаратын «Тыныс» зауытында болып, жұмысшы жастармен, бұдан соң облыстың кәсіпкерлерімен кездесті.
Ақмола20 Тамыз , 18:17

Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылдың аяғында зауыт ҮИИДМБ шеңберінде инновациялық технологияны меңгерді – газбен жабдықталған үлгідегі жылына мың тонналық қуаты бар құйма  өндірісі. Зауытта барлығы – 800 адам еңбек етеді, олардың 170-і жас мамандар. 

«Тыныс» зауытының құйма цехында болған Бауыржан Байбек жас жұмысшылармен кездесті.

Бүгінгі таңда «Кедергісіз келешек» жобасының арқасында  24 мүгедек зауытқа жұмысқа орналасты. «Сәтті қадам» жобасының шеңберінде жобаға қатысушылардың аталған зауытта тәжірибеден өтуіне байланысты меморандумға қол қойылды.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партиялық жобалардың маңыздылығына айрықша тоқталды: «Нұр Отан» партиясы көптеген жобаларға бастамашы болды, олардың ішінде «»Жастар Отанға!», «Жастар кадрлық резерві», «Сәтті қадам» бар. Бұл жобалар жастар арасында зор сұранысқа ие, өйткені, олар еліміздегі жас ұрпақты тәрбиелеуге, қолдауға, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына бағытталған.

Кездесу барысында жастар тарапынан түрлі сауалдар қойылды. Атап айтсақ, жас жігіттер «Сәтті қадам» бағдарламасының келешегіне және басқа да іске асып жатқан партиялық жобалардың ерекшелігіне қызығушылық танытты. 


 




Яндекс.Метрика