Парламент

СҚО-да мәжілісмендер сайлаушылармен өзін өзі басқару мәселесін талқылады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ромин Мадинов пен Анатолий Маковскийдің сайлаушылармен кездесуінде жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселесі талқыланды.
Нұр-Сұлтан20 Тамыз , 16:47

Парламент Мәжілісі  баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавлда мәжілісмендер «Нұр Отан» партиясы платформасының дайындаған «Ауылды қолдау» бағыты бойынша сараптамалық топ отырысына қатысты.

Онда депутаттарға ауылдық округ әкімдері өздернің ұсыныстарын жеткізді.

«Мысалға, қазіргі таңда жергілікті жерлерде қаржыландыру мен қаражатты жұмсау мәселесі қиындық тудырып отыр. Әкімдердің ойынша, осы түйіткілді тарқату үшін ауыл тұрғындарынан түсетін салықтың жргілікті жерде қалуы қажет. Осылайша, бірқатар жергілікті мәселелерді шешуге мүмкндік туар еді. Бұл дегеніңіз автожолды жөндеу, ауылды көркейту мен тұрғындарға ауыз суды жеткізу жұмытары», - делінген хабарламада.

Депутаттар өз кезектерінде Мәжілістің аграрлы мәселелер бойынша комитет мүшелерінің елде ауылдық корпоративтер құру заңнамасын көтеру туралы мәселені қарастыратынын айтты.

«Қазіргі таңда әлемнің барлық жерінде дерлік кооперация қағидасымен жұмыс істелуде. Бізде жекелеген шаруашылықтар өздерінше жұмыс істейді. Өз мәселелерімен өздері айналысады. Өздерін өздері қамтамасыз етеді. Кооперация құру ауыл өмірін жандандыруға серпін берер еді», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлы мәселелер бойынша комитетінің төрағасы Ромин Мадинов.




Яндекс.Метрика