ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Елордалық оқытушылар оқушылардың рухани даму әдістемелерін талқылады

Астана қаласындағы № 59 мектеп-лицейінде «Өзін өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған секциялық отырыс өтіп, онда оқытушылар өзін өзі тану курсы бойынша педагогикалық қызметтің тәжірибелерімен алмасты, деп хабарлайды Астана қаласы білім беру басқармасы.
Нұр-Сұлтан20 Тамыз , 16:15

Мектептегі зияткерлік және адамгершілік-рухани білім беруді кешенді интеграциялау процесін іске асырудың басты бағыттарының бірі олардың жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталуы негізінде ғылыми-рационалды білімді біріктіру мен байланыстыратын дисциплинаралық жобалық зерттеулерді өткізуде жатыр.

«Пәннің интеграциялық қағидалары мен мүмкіндіктері, заманауи ғылымға аксиологикалық және гуманистік әлеуетті пайдалану тәжірибесі зияткерлік және мәдени тұрғыдан дамытып қана қоймай, кісінің адамгершілік-рухани қырларын да ұштай түспек», - дейді Астана қаласы білім беру басқармасының бас маманы Салтанат Басығараева.

Айта кету керек, секция қорытындысы бойынша қатысушылар «Өзін өзі тану» адамгершілік-рухани даму бағдарламасы аясында ата-аналармен өзара бірлесе жұмыс істеу және сыныптан тыс уақыттардағы жұмыстарды жандандыру маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды.

 




Яндекс.Метрика