Ұлттың денсаулығы

Қазақстан мектептерінде 1 қыркүйек күні денсаулық сабақтары өтеді

Қазақстан мектептерінде 1 қыркүйек күні денсаулық сабақтары өтеді. Бұл туралы ОКҚ баспасөз отырысында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры Жәмиля Баттакова мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан20 Тамыз , 15:23

«1 қыркүйек күні  балалар арасында өз денсаулығына жауапкершілік арту үшін денсаулық сабақтары өтеді. Денсаулық сабақтары салауатты өмір салтын жүргізу, алдын алу жұмыстарына арналмақ. Қандай да бір көзқарас қалыптаса бастаған кезде  дұрыс білім алып, жетілген  дұрыс. Кеңес сабақтары халыққа жалпы ережелерді жеткізуге ыңғайлы», - деді ол.

Орталықтың директоры атап өткендей, бұл нашадан бас тарту, темекі шекпеу, спортпен шұғылдану сынды қызметтердің ара -жігін ашып салауатты өмір салтын насихаттайтын сабақтар.

Сондай-ақ, өзін-зі басқару, ұстау әрекеттері бойынша біраз кеңес беріледі.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика