«Биыл бидай себуге дизель отынына субсиия бөлінді. Енді жеткілікті деңгейде егістікті ору науқанында ору жұмыстарына аталмыш отынды сатып алуға тағы субсидия бөлінуде», - дейді Федоренко.
Оның айтуынша, барлық қажетті құралдар мен техника сақадай сай оруға дайын тұр. «Жалпы егістіктің аумағы 11 мың гектарды құрайды. Осыны бас-аяғы 20-25 күнде орып бітеміз. Ойымызша, егер табиғи келеңсіздіктер мен өзге де кедергілер болмаса, гектарына 10 центнерден алатын болмыз», - дейді.
Айта кету керек, егіннің биылғы көлемі 17026 га, егістің аумағы болса 14660 га, күзгі егістік 11500 га, бидай шаруашылығы соның ішінде - 11000 га.
Мадина Нұрбекова