Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытуға барлық жағдай жасалған - ҚМ

Бүгін жұмыс сапарымен Орал қаласына келген ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов жергілікті қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарында болды.
Батыс Қазақстан20 Тамыз , 16:31

Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, министрге «Батыс Қазақстан машина жасау зауыты», «Уральскагрореммаш», «Зенит» Орал зауыты» акционерлік қоғамдарында жаңа өндірістік желілерді игеру бағдарламалары, олардың перспективалық даму жоспарлары туралы баяндалды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы мемлекеттік әскери-техникалық саясаттың өзекті мәселелеріне ерекше тоқталып, қорғаныс өнеркәсібі секторының нысандарын әрі қарай нығайту жөнінде бірқатар міндеттер қойды.

«Еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешенін үдемелі дамыту бағдарламасын іске асыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалды», - деген С.Ахметов перспективалық жобаларды іске қосу, заманауи желілерді енгізу, жаңа технологиялық деңгейге шығу қажеттігін атап өтті.

 

Министрдің пікірінше қорғаныс ведомствосының кәсіпорындары халықаралық қару-жарақ нарығында өз позицияларын нығайту үшін үлкен әлеует пен мүмкіндіктерге ие.




Яндекс.Метрика