Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Елордада Конституция күніне орай 50-ден астам шара өтеді

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 19 жылдығына орай 50 шақты шара өткізіледі.
Нұр-Сұлтан20 Тамыз , 14:33

«Байтерек» медиа орталығының хабарлауынша, 28 тамызда «Думан» қонақ үйінде «Конституция – қоғам мен мемлекеттің даму стратегиясының негізі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Кең ауқымды шара Конгресс-Холлдағы мерекелік концертпен жалғасын табады.

Мемлекеттік мерекеге арналған салтанатты шара мен концерт Бейбітшілік пен келісім сарайында 29 тамыз күні өткізіледі. Ал 30 тамыз күні елорданың қонақтары мен тұрғындарына арнап Астананың орталық алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, елордалық білім беру мекемелері, музейлер мен кітапханалары мерекелік шараларды өткізеді. Атап айтар болсақ,  экскурсиялар, дөңгелек үстелдер мен тақырыптық көрмелер.

Конституция күні мерекесі 16 жасқа толған жасөспірімдердің де есінде ерекше сақталатын болады. Өйткені дәстүрлі түрде салтанатты шарамен Қазақстанның азаматы куәлігі берілетін болады.

Хабарламада айтылғандай, елорда қонақтары мен тұрғындары Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін тойлау аясында мәдени және түрлі спорттық көпшіліктің шараларға ат салысатын болады.




Яндекс.Метрика