Білім беру

Алматыда білімнің инновациялық стратегиясы қарқынды дамуда - әкім

Бүгін Алматыда «Мемлекеттің тұрақты дамуының басты факторы білімнің инновациялық стратегиясы» деген тақырыпта қала білім саласы қызметкерлері тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісі болып өтті. Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Алматы әкімі Ахметжан Есімов қатысты, деп қала әкімдігінде хабарлады.
Алматы қаласы20 Тамыз , 14:06

Алматы әкімі білім және ғылым министрінің алдына бірқатар ұсынстар қойды. Мысалы, Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасыныцң «Білім туралы» Заңында ғылыми жобалар бойынша халықаралық конкурсқа қатысушылар мен олардың жеңімпаздарын ҰБТ тапсырудан босатпай, тек жалпыбілім беру пәндері бойынша өткен халықаралық олимпиадалар жеңімпаздарын босату қажеттігін айтты.

Екіншісі - мектеп мұғалімдерін, колледж оқытушыларын, бала бақша тәрбиешілерін материалдық ынталандыру жүйесін жетілдіру.

Жиында оқушы орнының жетіспейтіндігі де көтерілді. Қазір мегаполис аумағының 23,2 мың гектарға артуы бұл мәселенің барынша актуальді екендігін көрсетеді.

«Осы мәселені шешу мақсатында өткен оқу жылында «Алғабас» мөлтек ауданында әрқайсысы 1200 оқушы орынды жаңа ғимараттар №32, №109 мектептері үшін салынды. 2014 жылы «Жас қанат» ықшам ауданында 1200 оырнды жаңа мектеп және екі мектеп жанынан 900 орынды жаңа нысандар салынады. Бұл да жеткіліксіз, сондықтан қалада кем дегенде 8 мектеп салынуы тиіс», - деді Ахметжан Есімов.




Яндекс.Метрика