Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда бес жыл ішінде есірткіге тәуелділер саны 10 пайызға азайды

Қазақстанда соңғы бес жылдың iшiнде нашақорлар есебіне тiркелгендер саны 10%-ға қысқарған. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Нашақорлықтың медицина-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Алтынай Есқалиева мәлiмдедi.
Нұр-Сұлтан 20 Тамыз, 13:20

«Бүгінгі таңда республиканың наркологиялық қызметі әрбір аймақта жұмыс істейді. Ол халыққа амбулаторлық көмек, стационарлық медициналық көмек, стационарлар ретінде ұсынылады. Соңғы бес жылдың нашақорлықпен тіркелген тұлғалардың саны айтарлықтай азайды, яғни 10 пайызға. Нашақорлыққа тәуелді болған жастардың саны да азаюда», - деді А. Есқалиева.

Оның айтуынша, негізгі жұмыстың бірі алдын алу шаралары болып табылады. Демек, жастардың нашаға салынып кетуіне тиым салу.

«Қазақстанда соңғы жылдарда тiркеуде тұрған есiрткiнi қабылдайтын азаматтар саны азайған.Негiзi кейiнгi бес жылда нашақорлар есебінде тұрғандардың саны 10%-ға азайды. Бұған бағдарлама мен алдын алу жұмыстарын жүргiзудің арқасында қол жеткiздiк деп ойлаймыз», – деді ол.

Камила Амирова 





Яндекс.Метрика