Өңірлер

Қазақстанның 7 облысында астық жиналуда

Қазіргі таңда Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында астық жинау науқаны жүруде.
Казахстан20 Тамыз , 12:58

«Ағымдағы жылы  дәнді дақылдар түсімі шамамен 11 ц/га деңгейінде болжануда. Осылайша, астықтың болжамды жалпы өнімі ағымдағы жылы бункерлік салмақта шамамен 17,0 млн. тоннаны құрайды», - деді ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.

Қазіргі таңда егін ору науқаны республикамыздың сегіз аймағында жүргізілуде. 2014 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары 21,8 млн. га құрады, солардың ішінде дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар – 15,6 млн. га, соның ішінде бидай – 12,8 млн. га.

Ағымдағы жылғы  14 тамыздағы жағдай бойынша 7,6 млн. га немесе 49,7% дәнді дақылдар жақсы күйде, 6,7 млн. га немесе 43,9 % қанағаттанарлық, 0,8 млн. га немесе 5,5 % нашар күйде, 0,1 млн. га немесе 0,9% дәнді дақылдар егістері жойылды.




Яндекс.Метрика