Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Елбасы Талдықорғандағы кардиологиялық орталықтың жас мамандарымен кездесті

Мемлекет басшысына өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуы, орталықтың қызметі, оның бірегей оталар жасауға мүмкіндік беретін техникалық жарақталуы жөнінде баяндалды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы20 Тамыз , 12:34

Қазақстан Президенті орталықты аралау барысында жас дәрігерлермен әңгімелесті, олардың жұмысының маңыздылығын атап өтіп, баршасына табыс тіледі. 

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау жүйесін дамытудың арқасында республикада халықтың өмір жасы ұзарғанына назар аударып,  бұған осындай медициналық мекемелер үлкен үлес қосып отырғанын айтты.

173 адам жұмыс істейтін облыстық кардиохирургиялық орталықта жоғары мамандандырылған және мамандандырылған кардиологиялық, кардиохирургиялық көмек көрсетіледі. 2013-2014 жылдары 1415 коронароангиография, 624 стенттеу және жүрекке 183 ашық ота жасалды, сондай-ақ 33 электрокардиостимулятор қойылды. 




Яндекс.Метрика