Өңірлер

Қазақстанда 210 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді

Қазіргі уақытта республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 13,9 млн. тоннаны құрайтын лицензияланған 210 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді, деп АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан20 Тамыз , 12:19

Бұдан басқа, АШТӨ-де 11 млн. тонна астық сақтауға мүмкіндік беретін сыйымдылық бар. Осылайша, республика бойынша жалпы сақтау сыйымдылығы 24,9 млн. тонна құрайды.

Бүгінде АҚК жаңа астықты қабылдауға материалдық-техникалық базаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды аяқтауда. Ағымдағы жылдың 19 тамыздағы жағдай бойынша 153 АҚК (АҚК жалпы санынан 73%) тексерілді, олардың ішінде 92-ы дайын деп танылды, ал қалған 61 АҚК әр түрлі себептер бойынша біліктілік талаптарына сәйкестіктерін растамады.

Элеваторларда 505 бірлік дән кептіргіштер бар, соның ішінде Ақмола облысында - 139, Қостанай облысында - 135 және Солтүстік Қазақстан облысында - 154. Астықы қабылдауға 491 дән кептіргіш (97%) дайын, соның ішінде Ақмола облысында - 139 (100%), Қостанай облысында - 126 (93%), Солтүстік Қазақстан облысында - 154 (100%).  




Яндекс.Метрика