Өңірлер

2014 жылы Қазақстанда астық шаруашылығының өнімділігі гектарына 11 центнерден болады деп күтілуде

«Қазгидромет» РМК ғарыштық мониторингінің мәліметі бойынша, биыл елімізде астық шаруашылығының шығымы гектарына шамамен 11 центнерден болмақ.
Казахстан20 Тамыз , 12:01

Жалпы, астықтың жалпы болжамды шығымы биыл 17 млн тонна шамасында деп жоспарлануда.

2014 жылдың 19 тамызындағы жағдайға сай, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 943 гектардан астам егістікті орып, 1 млн тоннаға жуық өнім алды. Бұл дегеніңіз гектарына 11,6 центнер шамасында. Дегенмен аталмыш көрсеткіш өткен жылғыдан 4 центнерге төмен.

АШМ хабарлауынша, Ақтөбе облысы (4,1 ц/га) мен Жамбыл облыстарында (8,1 ц/га) құрғақ ауа райы себепті егістік шығымы төмен деңгейде деп күтілуде.

Мадина Нұрбекова

 




Яндекс.Метрика