Өңірлер

Елбасы қорғасын аккумуляторлар зауытында болды

Президент «Қайнар – АКБ» ЖШС қорғасын аккумуляторлар зауытында болды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы20 Тамыз , 11:49

Мемлекет басшысы кәсіпорының құрастыру цехында болып, аккумуляторлық батареяларды құрастыру технологиясымен және зауыт шығаратын өнімдер ассортиментімен танысты.

Сонымен қатар, Президентке зауыттың қайта құрылып, қуаты артқаны және кәсіпорынға көрсетілген мемлекеттік қолдау түрлері,   сондай-ақ оның алдағы даму перспективалары туралы баяндалды.
Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен әңгімелесіп, өндіріліп жатқан өнімдердің ел экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті.

«Қайнар – АКБ» ЖШС зауыты негізінен автомобильдерге, ауыл шаруашылығы техникалары мен әскери техникаларға арналған аккумуляторлық батареялар шығарумен айналысады.
Кәсіпорын жобалық қуатына сәйкес жылына 1,8 миллион дана аккумулятор шығаруға тиіс. Зауытта 886 адам жұмыс істейді.
 




Яндекс.Метрика