2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Балабақшаның ашылуы» жобасы бизнес идеялар жәрмеңкесінде жеңіске жетті

Ақтауда «Бизнес идеялардың жәрмеңкесі» жас кәсіпкерлер жобасы аясында өтеді.
Маңғыстау20 Тамыз , 19:47

«Даму» қорында хабарлағандай, жәрмеңкеде жобаға қатысушылар мобильді кинотеатр, гүл өсірушілер галереясы, хостел, қаламсап шығару, алкогольсіз сусын шығару жобаларын таныстырды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша үздік деп «Балабақшаның ашылуы» анықталды. Жобаның авторы жас қыз Мөлдір Айтуарова жоба жеңімпазының дипломын алды.

Айта кетейік, «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы Қазақстанда ағымдағы жылдың 10 маусымында басталды. Осы уақыт аралығында жоба бойынша 60 адам білім алды. 




Яндекс.Метрика