Инвестициялар

Ақтөбеде биыл 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда – әкімдік

2014 жылы Ақтөбеде жалпы құны 200,7 млрд теңгеге 10 инвестициялық жобаны іске асыру қарастырылған, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ақтөбе20 Тамыз , 10:53

Биыл сыртқы инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді. Мердігерлер анықталып, бүгінде олар іске кірісіп кетті. Сонымен қатар жыл соңына дейін инфрақұрылым жұмыстарын аяқтауға 2,4 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

«Қазіргі таңда индустриялды аймақ аумағына, соның ішінде метал құрылымдары, сэндвич-тақталар, дөңгелекше тік электрдәнекерлеу құбырлары, полиэфирлі және эпоксидті қарамай өндірісі мен металлургиялық зауыттың жаңа өндірістері бойынша инвесторлар ұсынысы қарастырылуда. Сонымен қатар, каталитикалық крекинг катализаторлары өндірісінің зауыт құрылысы бойынша келіссөздер жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, 32 млн доллар көлеміндегі индустриялды аймақ құру шығындары 500 млн АҚШ доллары көлеміндегі жаңа өндіріс құруға инвестицияланатын болады. Және де облыстың 5000 тұрғынына жұмыс орындары ашылмақ.




Яндекс.Метрика