Өңірлер

Ақтөбе облысының әділет департаменті құқықтық түсіндіру жұмысын жақсартуда

Құқық мәдениеттін өсуі халықтың хабардарлық денгейіне байланысты болғандықтан Ақтөбе облысы әділет департаменті жылдан жылға құқық түсіндіру жұмысын жақсартуда, деп әділет министрлігі хабарлады.
Ақтөбе20 Тамыз , 10:37

Қол жеткізген табыстарға тоқтамай халықты оданда кең ауқымды қамту үшін Ақтөбе облысы әділет департаменті түсіндіру жұмыстың жаңа әдістеріне байланысты сайыс жариялайды.

Сайыс 2014 жылдың тамыз айының 20 жұлдызынан және желтоқсан айнының 1 жұлдызына дейін жалғасады. Тәуелсіздік Күні қарсаңында жеңімпаздарды салтанатты құттықтау және түсіндіру жұмыстың жаңа әдістерінің ең үздік ұсыныстар үшін марапаттауы өтеді.

Сайыстың аты «Бәрі ұтады». Мақсаты - мәліметті аудиторияға жеткізудің жаңа тиімді және үнемді тәсілдерімен, арналарды анықтау.

Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырмай, халықтың құқықтық сауатсыздығында экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттерді сәтті шешу мүмкін емес. Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық санасын дамыту - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері.

 

 




Яндекс.Метрика