ҚР ИИДМБ

ҮИИД бойынша Ақмола облысында жел электр станциялары құрылысының 2 жобасы жүзеге асуда

Ерейментау ауданында Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында қос жоба қолға алынуда, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола20 Тамыз , 09:48

2012 жылдың 2 тоқсанында «Шеврон Мұнайгаз Инк» корпорациясы тарапынан «Самал» жел электростанциясы (ЖЭС) құрылысы жобасы іске қосылған. Оның мақсаты 50 мВт-тық қуаттылыққа ие «Самал» ЖЭС жобалау, салу мен пайдалануға беру болып табылады.

Жоба экономиканы әртараптандыру, жоғары технологиялы, жаңартылмалы және экологиялық таза электр қуаты өнімдерін  дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу саласындағы мақсаттарды қолдауға бағытталған шет елдік инвестициясының қатысуымен Қазақстанда қолға алынған ірі жобалардың бірі.  Негізгі құрылғының, жел генераторының өндірушісі мен тасымалдаушысы жел генераторлары өндірісіндегі әлемдік деңгейдегі өндірушілер арасынан таңдап алынады. Жобаның жалпы құны шамамен 54 945 млн теңге болса, құрылыс кезінде онда 100-ден астам адамға жұмыс ашылып, пайдалануға беру кезінде 5-10 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Жоба 2017 жылдың 1 маусымында аяқталады деп күтілуде.

Екінші жоба – «Тұңғыш жел электр станцәиясы» ЖШС-нің 45 МВт-тық қуаттылыққа ие Жел электр станциясы. Ол 2013-2014 жылдар аралығында жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 17 670 млн теңге.

«Бүгінге дейін технологиялық жұмыстар құрылысына арналған арнайы техника әкелініп, қалған 16 іргетасты салу бойынша дайындық жұмыстары басталып кетті. 2013 жылы жел генераторы астындағы негізгі 6 іргетастың құрылысы аяқталды. Құрылыс алаңына неміс өндірісі болып табылатын 12 металл мұнара кешені әкелінді. 8 жел құрылғысына монтаж жұмыстары жүргізілді. Ерейментау шағын станциясынан бастап 4 шақырымдық қашықтыққа дейін құрылыс алаңында 10 кВт-тық және KECOG желісінен шағын станцияға дейін 8 шақырымдық қашықтықта 220 кВт-тық желі іске қосылды», - делінген хабарламада.

2014 жылға арналған жобаның жоспарлы қуаттылығы 45 МВт. Құрылыс кезінде онда 50 адамға жұмыс берілсе, пайдалануға берілгеннен кейін 9 адам екі қолға бір күрек таппақ.




Яндекс.Метрика