Өңірлер

Н. Назарбаев: Алматы облысына айтарлықтай субсидиялар бөлінуде

Елбасы Алматы облысының жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлерімен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы20 Тамыз , 09:01

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Алматы облысы елдегі ең ірі өңірлердің бірі екеніне, онда республика халқының жалпы санының 16 пайызы тұратынындығына тоқталды.

« Сондықтан облысқа мемлекет тарапынан зор көңіл бөлінеді. Өңірге айтарлықтай көлемде субсидиялар бөлінуде. Бұл өз нәтижесін беруде. Денсаулық саласының және басқа да салалардың дамуы нәтижесінде халықтың жалпы өмір жасының ұзақтығы 71 жылға жетті», - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанына қарамастан, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жұмыстарының қарқыны жеткіліксіз екендігін атап өтті.

Мемлекет басшысы облыстың кейбір аудандарында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында көмек алған кәсіпкерлердің саны аз екендігіне назар аударды. Осыған байланысты ол халықты маңызды мемлекеттік бағдарламаларға тарту тұрғысынан жергілікті билік жұмысының тиімділігі жеткілікті деңгейде емес екенін айтты.

Қазақстан Президенті Ақсу, Балқаш және Қаратал аудандарында Индустрияландыру картасы аясында бірде-бір жоба іске аспағанын да атап өтті. Мемлекет басшысы мұндай жағдайдың себебі облыстық әкімдік жұмысының әлсіздігінен болып отырғанын атап өтті.




Яндекс.Метрика