Өңірлер

Мемлекет басшысы сүт өнімдерін өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорған қаласында «JLC Сүт» ЖШС-ға барды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан19 Тамыз , 18:53

Қазақстан Президенті кәсіпорында қолданылатын өндіріс технологиясымен танысты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына зауыттағы қайта құру нәтижелері, оның қуатын арттыру және шикізат базасын жекеменшік сектор есебінен дамыту перспективалары жөнінде айтылды.

Кәсіпорын  ұжымымен әңгімелескен Нұрсұлтан Назарбаев жұмысшыларды өндірістің іске қосылуымен құттықтап, табыс тіледі.

Италиялық жабдықтармен жабдықталған «JLC Сүт» ЖШС зауыты 50-ден астам өнім шығаруға лайықталған. Бастапқы кезеңде тәулігіне 15 тонна өнім өндірілсе, кейін өнімділігі 160 тоннаға жететін болады. Ашылған жұмыс орнының саны – 102, кейін 150-ге жеткізілмек. Кәсіпорын өңірдегі сүтті мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. 




Яндекс.Метрика