Адами капитал

Алакөл өзенінде Үржардың ардагерлері мен зейнеткерлеріне тегін демалыс ұйымдастырылды

Үржар ауданының 76 ардагері жазғы демалысты Алакөл өзені бойында өткізді. Игі шараға жергілікті әкімдік мұрындық болды.
Шығыс Қазақстан19 Тамыз , 19:48

ШҚО-ның Ақпарттық орталығы хабарланғандай, тегін жазғы демалысқа 27 ауылдық округтың ардагерлері жіберілді. Олар ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагерлері мен қоғам қайраткерлері.

«Алакөл өзені бойында зейнеткерлер спорттық жаттығуларды жасауға мүмкіндік алды. Олардың кітап оқуына, шахмат ойнауына барынша жағдай жасалды. Ал, медициналық бақылаудан өткісі келгендер арнайы шақыртылған медициналық қызметтің қабылдауында болды», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика