Өңірлер

Жекешелендірудің электронды жүйесі саудаға қатысу шарттарын айтарлықтай жеңілдетті - Өтепов

Қазақстандағы жекешелендірудің екінші толқынының бәссауда өткізудегі барлық жүйесі электронды форматқа өтеді. Бұл өз кезегінде бәссаудаға қатысу үшін қажетті құжаттар санын айтарлықтай қысқартады. Бұл туралы Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан19 Тамыз , 17:25

«Аталмыш шараға қатысу үшін қажетті құжаттар саны айтарлықтай деңгейде қысқартылды. Бұрындары жекешелендіру шараларына араласу үшін өзгше де мемлекеттік органдар қызметіне жүгініп, қағазбастылыққа ұрыну көптеп кездесетін. Енді электронды жүйенің көмегімен кепілдік төлем төленіп, электронды қолтаңда алынып, жеке кабинетке тіркеліп, жекешелендірудің барлық тәртібі мен оны жүргізу мерзімі мен бағалау нәтижелеріне қатысты бар ақпаратқа қол жеткізуге болады», - дейді.

Сонымен қатар Э.Өтеповтың айтуынша, сауданың электронды алаңы бәссаудаға қатысушылар арасындағы байланысты жояды.

«Электронды сауда жүргізу бірқатар артықшылықтарға ие. Біріншіден, бізде сатушы мен тұтынушы арасындағы, тұтынушылардың өз арасында байланыс құру мүмкіндігін жойып, сатып алушылар арасындағы келіссөздердің орнауына жол бермейді. Қатысушылар бірін бірі көрмей, сауда толықтай электронды түрде өтеді», - дейді.

Оның айтуынша, бүгінге дейін саудаға қатысушылардың саны қарқынды өсіп келе жатыр, бүгінгі таңда олардың саны шамамен 2700 қатысушыны құрайды.

«Жүргізілген сауданың нәтижелері мен сараптамалары, яғни өткен уақыттағы барлық 1500-дің көрсеткеніндей, аталмыш саудаға қатысушылардың санының артып келе жатқанын көзіміз көріп отыр. Қазіргі таңда коммуналдық және республикалық меншіктегі нысандардың саудасына 2700 белсенді қатысушы тіркелген», - дейді Э.Өтепов.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика