Адами капитал

ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кітапхана жұмыс істейтін болады

Пушкин атындағы облыстық кітапхана ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы лифт орнатылды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан19 Тамыз , 19:17

Бұдан былай барлық кітапсүйер қауым үшін оқу залдары қызметін оп-оңай пайдалануға мүмкіндік туып отыр.

«Қандай да бір шаралар өтер кезде қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың екінші қабатқа көтерілуі айтарлықтай қиындық тудыратын. Енді мына құрылғы азаматтардың жүріп-тұруын едәуір жеңілдетіп отыр. Оны қолдану да кез келген кісі үшін қиындық тудырмайды. Дыбысы да білінбейді, барынша жайлы», - дейді кітапхана директорының орынбасары Бибігүл Шағиева.

Сонымен қатар, мекемеде алдағы уақытта ауыр көретін жандарға арналған компьютерлік курстарды ашу жоспарланған.




Яндекс.Метрика