Өңірлер

ШҚО-да тауарлы фермаларды құру бойынша жаңа несиелендіру бағдарламасы басталды

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту» несиенің/лизингтің жаңа бағдарламасы іске қосылды.
Шығыс Қазақстан19 Тамыз , 19:33

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, Мемлекеттік «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясынада  «Сүтті-тауарлы фермалар» дамыту саласы мен іскерлік-жоспарды жүзеге асыру мақсатында жасақталды. Ол жеке және заңды  тұлғалардың несие алып, ІҚМ 50 және 100 бас сатып алып, сүтті-тауарлы фермаларды құруға және кеңейтуге мүмкіндік береді. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша 100 бас ірі қара малы бар 3 «Сүтті-тауарлы ферма» сонымен қатар  50 бастан тұратың ірі қара малдан тұратын 5 «Сүтті-тауарлы ферма» ашып кеңейту жоспарланып отыр.

«Бүгінгі күні  100 бастан тұратын сүтті тұқымды 2 жоба жасалынып жатыр. Қарыздың максималды сомасы: 60 млн теңге. Сыйақы үстемесін субсидиялауды есептегенде -  жылдық 4% құраса,  субсидиялаусыз жылдық 11% көрсетеді», - делінген хабарда.

Қарыз/лизингтік мерзімі - 84 айға дейін. Негізгі борышты өтеу мерзімділігі: ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда бір рет, несиелеу мерзімі бойынша жартылай/толық қайтару мүмкіндігімен.

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім - 24 айдан,ал, сыйақыны өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім - 12  айдан аспайды.




Яндекс.Метрика