Өңірлер

159 АШТӨ 680 млн теңгенің несиесіне ие болды - ҚазАгро

159 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы сомасы 680 млн. теңгенің несиесіне ие болды, деп «ҚазАгро» ҰБХ» баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан19 Тамыз , 18:13

«Агробизнес 2020» бағдарламасын орындау мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қой өсіруді несиелеу үшін «Алтын асық» бағдарламасын іске асыра бастады. Несие аналық бас саулық пен асыл тұқымды өндіруші қошқар сатып алу үшін жылдық 14% сыйақымен  (жылдық 4 тен  7-ге дейінгі пайызы қарыздың белгілі мақсатына сәйкес субсидия есебінен), сондай-ақ, негізгі құралдарды жөндеу мен сатып алуға, айналым қаражатын толтыруға беріледі.  

Қой өсіруді несиелеу жобасы аясында Корпорация қазірде Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы шаруа қожалықтарынан 31 мың бас қой алу үшін өтініш берген жалпы құны 800 млн. теңгеден асатын 193 жобаны мақұлдады.    

«Бүгінгі күні осының ішіндегі 159 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы сомасы 680 млн. теңгеге 25 мыңнан аса қой сатып алды», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика