Өңірлер

ҰКП эндаумент-қорлар қызметін бекітуді ұсынуда

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік саясат саласындағы мемлекеттік шығындарды азайту мен қаржыландыру көздерін әртараптандыру түрінде эндаумент-қорлардың қызметін бекітуді ұсынады.
Нұр-Сұлтан19 Тамыз , 17:41

«Біздің пікірімізше, эндаумент қорлар институты жалпылай қайырымдылық институтын дамытуға арналған басты тетік болуы мүмкін. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен өзге де әлеуметтік әлсіз жандарды, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мен спорт және өзге де орындардың мәселесін шешу мақсатында эндуамент-қорлар тетігін пайдалану арқылы бірқатар қайырымдылық қорлар құру қажеттілігі туындап отыр», - дейді Талғат Доскенов.  

Оның айтуынша, эндаумент-қорлардың іске қосылуы жалпы әлеуметтік саланың дамуына серпін беріп, елдегі кәсіпкерлік саласындағы әлеуметтік қолдауға жаңа мәдениет алып келеді.

Қолдау саласы бойынша мақсатты капитал қорлары төмендегідей бөлінген: білім беру саласында жалпы қорлардың шамамен 59 пайызы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдауда шамамен 18 пайыз, мәдениет саласында 14 пайыз, ғылымда 6,5 пайыз болса, спортта бұл көрсеткіш 2,5%.

Оның айтуынша, мұндай қор қызметкерлері өздерінің үйретушілерімен әріптестік құрып, қоғамдағы кәсіпкерлікті дамытудағы экономикалық әсерлердің қалайша көрініс табатынын жақсы түсіну үшін зерттеушілер мен өзге де мамандармен тығыз байланыс құра алады.




Яндекс.Метрика