Өңірлер

Жария ету жөніндегі комиссия Астана қаласының әр аудан әкімдігінің жанынан құрылды

Жария ету жөніндегі комиссия Астана қаласының әр аудандық әкімдігінің жанынан құрылды. Комиссия барлық деңгейдегі әкімдіктер жанында орналасқан, яғни Астана қаласындағы мүлікті жария ету жөніндегі құжаттарды қабылдау Алматы (Тәуелсіздік даңғылы, 7 үй), Сарыарқа (Сарыарқа даңғылы, 13 үй), Есіл (Қабанбай батыр даңғылы, 33 үй) аудандық әкімдіктерінің тиісті ғимараттарында өткізіледі, деп хабарлады елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан19 Тамыз , 16:23

Айта кетерлік жайт, аария ету объектілері қатарына ақша, бағалы қағаздар,  заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі - қатысу үлесі),  оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа), құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар), Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік  кіреді.

«Мүлікті заңдастыру (ақшадан басқа) азаматтар жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) жанындағы комиссияларға арыз және тиісті құжаттарды берумен басталады. Мүлікті заңдастыру үшін (ақшадан басқа) төлем алынбайды. Заңдастыруға жататын мүлік (ақшадан басқа) осы мүлік туралы комиссияның заңдастыру туралы шешімі шыққан күннен бастап заңдастырылған мүлік деп танылады. Мемлекеттік тіркеуге жататын заңдастырылған мүлік заңдастырушы азаматтардың жеке өтініші бойынша тіркеледі. Мүлікті заңдастырушы азамат заңдастырылған мүлікті тіркеу жөніндегі шығындарды жеке өзі көтереді, соның ішінде құжаттарды дайындау және жасау шығындарын.  Қазақстаннан тыс жерлердегі мүлікті заңдастыру үшін 10% алым алынады», - делінген хабарламада.

Жария етуге құжаттарды тапсыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2015 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады. Өтінішті комиссия, салық органы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды

 




Яндекс.Метрика