Инфрақұрылымның дамуы

2015 жылы Петропавлда Жастар сарайы бой көтереді

Жақын уақытта Петропавл жастарының өз Жастар сарайы пайда болады, деп «Нұр Отанның» ресми порталы хабарлады.
Солтүстік Қазақстан19 Тамыз , 16:53

«Бүгінде облыста 70 жуық үкіметтік емес жастар ұйымдары жұмыс істейді, сондықтан облыс әкімі партияның, жастардың алдында жастарға арналған  ғимараттың болатынына уәде берді», – деді Б.Байбек.

Өз кезегінде, облыс әкімі Ерік Сұлтанов ғимаратты қайта жаңғырту мен күрделу жөндеу жобасы жылдың соңына дейін әзірленетінін айтып, келесі жылы «қоныс тойын» тойлауға уәде берді.

Болжам бойынша, жаңа Жастар сарайы шығармашылыққа әуес аға буын мен жастардың қоян-қолтық араласуына, түрлі жастар мен шығармашыл бірлестіктер,  концерттер, көрмелер, тұсаукесерлер, конференциялар, форумдар мен мереке-думандар ұйымдастырып, өткізуге арналған ерекше алаңға айналмақ.

Жаңа Жастар сарайында сондай-ақ үйірмелер, секциялар, мәжіліс-залдар қарастырылатын болады. 




Яндекс.Метрика