Өңірлер

Қапшағай халқына әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақпарат берілді

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша Қапшағай қаласының Әділет басқармасының қызметкерлері ХҚКО-да тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп әділет министрлігі хабарлады.
Алматы19 Тамыз , 18:46

Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 357-4-бабына сәйкес уақытылы құжаттарды тіркеуге, қайта тіркеуге ұсынбау кезінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

Құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында жергілікті тұрғындарға зияткерлік меншікті заңсыз қолдануы кезінде іс қозғалатындығын және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 354-3-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге құжаттарды уақытылы бермегендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы түсіндірілді.

Бұл іс-шараға жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу бөлімі,  заңды тұлғаларды тіркеу бөлімі және зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу бөлімінің инспекторлары қатысты.




Яндекс.Метрика