Халықаралық интеграция

«Абай» мен «Шәкәрім» шығармаларының әлемдік тұсаукесеріне орай Туссонда мәдени шаралар өтеді

Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Омаров Аризона штатының Феникс және Меса қалаларында болып қайтты, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
Әлемде19 Тамыз , 15:53

Штат губернаторы Дженис Брюермен болған кездесуде тараптар Аризона мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды тереңдету жолдарын талқылады. Мәселен, штаттағы Тусон шаһары Алматымен бауырлас қалалардың бірі екені белгілі.

Ал Алматы мен Тусон бауырлас қалалар арасындағы мәдени қарым-қатынастарды нығайту бағытында тараптар биылғы қараша айының екінші жартысында Тусонда әйгілі қазақстандық скрипкашы Марат Бейсенғалиевтің жетекшілігімен Алматы қаласы Симфониялық оркестрінің концертін ұйымдастыру жоспары жайында ой бөлісті.

Аталған симфониялық оркестр АҚШ-та Карл Дженкинстің «Абай» және «Шәкәрім» шығармаларының әлемдік тұсаукесеріне орай 8-12 қараша аралығында болып қайтпақ. Штат басшылығы концертті өткізу идеясына қолдау танытатындығын білдірді және бұл бастаманың екіжақты байланыстарды арттыра түсуге септігі тиерін жеткізді.

 




Яндекс.Метрика