Өңірлер

Отандық тауар өндірушілер Қазақстанның намысын халықаралық байқауда қорғайды

2015 жылғы өнім және кызмет көрсету саласында жетістігі үшін ТМД сыйлығын алуға арналған конкурс жарияланды.
Нұр-Сұлтан19 Тамыз , 18:31

ҚР инвестиция және даму министрлігінен хабарлағандай, Сыйлық 2015 жылғы ТМД елдерінің  өнім және/немесе көрсетілетін қызметтердің сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістігі үшін, сапа менеджментінің қазіргі заманғы әдістерін енгізгені үшін ТМД елдеріне конкурстық негізде екі жылда бір рет беріледі.

«Қазақстандық тауар өндірушілерде сапалы  қызмет көрсету саласында біздің елімізді халықаралық деңгейде лайық көрсетуге барлық мүмкіндіктер бар», - делінген хабарламада.

Сонымен, өнім және кызмет көрсету сапасы саласында жетістігі үшін 2013 жылғы ТМД сыйлығын алуға арналған конкурстың қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпорындар  «Халық түтынатын тауарларды өндіру» және «Кызметтер» атты  екі номинациялар  бойынша лауреат атағына ие болады.

«Тұтынушылардың өсіп келе жатқан сұраныстары өмірлік деңгейінің алдыңғы қатарының біреуіне сапа мәселелерін шығарады, ал бұған ұқсас іс-шараларға қатысу арқылы жетілдіру процесінде кәсіпорындарды тарту және халықаралық бенчмаркетингтің тиімді құралы болып табылады», - деп атап өтілген министрлікте.

Жалпы, конкурс екі кезеңде өткізіледі. Сыйлықты беру туралы шешім ТМД Экономикалық кеңесінің отырысында  қабылданады, ал қорытындыларды 2015 жылдың соңында жарияланады.

Байқауда бақ сынауға  тілек білдірушілер өтінішті ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне осы жылдың 1 қазанына дейін ұсынуға тиіс.




Яндекс.Метрика