Халықаралық интеграция

Қазақстан мен ҚХР әскери-техникалық ынтымақтастық жағдайын талқылады

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лэ Юйчен мен кездесті, деп қорғаныс министрлігінде хабарлады.
Нұр-Сұлтан19 Тамыз , 17:09

Кездесу барысында әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалық мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Тараптар қорғаныс саласындағы байланыстардың екіжақты форматпен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы Өзара Ықпалдастық пен Сенім Шаралары Кеңесі сияқты халықаралық ұйымдар аясында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Әскери-техникалық ынтымақтастықтың әлеуеті орасан зор, және біз оны барынша пайдалануымыз қажет», – деп С.Ахметов атап өтті.




Яндекс.Метрика