Өңірлер

ОҚО заңгерлері үшін мүлікті жария ету семинары өтті

Оңтүстік Казақстан облысының Әділет департаменті аудандық, қалалық әділет басқарма басшылары мен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы қызметкерлерінің қатысуымен семинар кеңес өткізді, деп әділет министрлігінде хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан19 Тамыз , 15:03

Семинар барысында, 2006-2008 жылдары өткізілген рақымшылық жүргізу барысында кеткен кемшіліктерді қайталамауды және «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының барлық талаптарын сақтау қажеттігі тапсырылды.

«Басқарма басшыларына, рақымшылық жүргізу комиссиясының төрағаларына, рақымшылық жүргізу шешімдерінде мінддетті түрде, рақымшылық жасалған жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметті, оның ішінде мекен-жайлары және шешімнің нөмірі, шығарылған күні, құқық иесі туралы ақпаратты, нысаналы мақсатын мен жер көлемін көрсете отырып, рақымшылық жасау туралы ұсыныс хат жолдау, сонымен қатар тұрақты негізінде салыстыру жұмыстарын жүргізіп тұру тапсырылды», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика