Парламент

Атырау облысында сенаттыққа төрт үміткер тіркелді

Қазіргі таңда Атырау облысында ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына 4 үміткер тіркелді. Бұл туралы бүгін Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашев мәлімдеді.
Атырау19 Тамыз , 14:47

«Қазіргі таңда Атырау облысында ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына 4 үміткер тіркелді. Олар: Сәрсенбай Еңсегенов – ҚР Парламенті Сенатының қазіргі депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Ғылман Сәрсемалиев – «Орал-Атырау бекіре балық зауыты» РМКК директоры; Қамбар Теміров – «Ғылыми-өндірістік жер ресурстары мен жер орталығы» РМКК директоры және Нұрлыбек Өтесінов – жеке сот орындаушы», - дейді Асау Ибрашев.

Оның айтуынша, барлық үміткерлер жоғары білімге ие, өз беттерімен ілгерілеу тәртібімен ілгерілеген және қазіргі таңда осынау үміткерлерді тіркеу науқаны аяқталды.

«Қазіргі таңда үміткерлерді декларациялау тексеріске жіберілді. Жұмыс кестесі алдын ала жоспарға сай жүргізілуде. Оны Орталық Сайлау комиссиясы бекіткен. Облыстық орталық сайлау комиссиясы жеті адамнан құралған және ресми түрде жұмыс істейді», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, Парламент Сенатының сайлауы биылғы жылдың 1 қазанына жоспарланған. Парламенттің жоғарғы палатасына үміткерлерді ұсыну сайлауды бекіткен күнінен кейінгі күнінен басталып, сайлауға тура бір ай қалғанда тоқтатылады. Осылайша, 2 тамыздан бастап Астана мен Алматы, облыс және аудандардағы мәслихат сессиясына өзін өзі ілгерілету тәртібімен жүргізіледі.

Парламенттің жоғарғы палатасына сайланатын 47 адамның 15-ін Мемлекет басшысы тағайындаса, 32-сі мәслихаттар тарапынан сайланады. Әр облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан екі адамнан. Олар алты жылдық мерзіммен сайланады. Үш жыл сайын олардың жартысы қайта сайланады.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика