Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Ақтөбе облысында 10 дәрігерлік амбулатория салынады

Ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласының негізгі бағыттарына 30 млрд теңге қарастырылған. Бірінші жарты жылдықта 14,4 млрд теңге немесе 99,8 пайыз игерілді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Ақтөбе19 Тамыз , 14:03

Әкімдіктің мәліметінше, ағымдағы жылы 410,5 млн теңге 10 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына бөлінді, ол облыстың 9 ауданында салынады. Сондай-ақ, 13 денсаулық сақтау нысанының құрылысына 351 млн теңге бөлінді.

Оған қоса, медициналық қондырғыны алу үшін 300 млн теңге қарастырылғапн.

«Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша медициналық қамтамасыз етілу 85,2 пайызды құрайды, дәрігерлікпен қамту 10 мың адамға 36,7 адамды құрайды», - деп хабарлады әкімдікте.

 




Яндекс.Метрика