Ақтөбеде 6 ай ішінде энергия 17,2 млн теңгеге үнемделді

Ақтөбе көшелерінде жарық көздері көбейгенімен, жарықтандыру үшін төленетін қаржының үнемделу сомасы 17,2 млн. теңгені құрады, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Ақтөбе19 Тамыз , 13:15

2013 жылы энергия үнемдеу бағдарламасы бойынша қала көшелерін жарықтандыру үшін 160 көптарифтік есептеу құрылғысын орнатқан. 

Сондай-ақ, көшелерде пилоттық нұсқа ретінде электрондық қосуды реттеу аппаратурасы орнатылды. Олар электр энергиясын қолдану деңгейін 50 пайызға азайтып, шамдардың жарамдылық мерзімін 2 есеге ұлғайтады.

Күтілетін нәтижеге қол жеткізген уақытта бұл жүйе қалада кең қолданылатын болады. Даңғылдардың қиылысындағы саябақтың құрылысы кезінде энергияны үнемдеуші диодты шамдар пайдаланылған. Олар электр энергиясын 6 есе аз пайдаланады. 




Яндекс.Метрика