ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қарағанды облысында жаппай оқуға 36 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

Қарағанды облысы Абай ауданында жалпы оқу қорына 2014 жылы 36 млн 480 мың теңге қарастырылды.
Қарағанды19 Тамыз , 13:34

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, олардың ішінен көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларды сауықтыру үшін жаз мезгілінде 7 млн 218 мың теңге бөлінді. Жалпы оқу мәселесін шешу жолында ауданда тамақтану мәселесі басты назарда. 2014 жылы аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 1-4 сынып аралығындағы оқушылардың тегін тамақтануы үшін жергілікті бюджеттен 26 млн теңге берілді.

Бұдан басқа, соңғы 3 жылда 188 оқушыны мектепке жеткізу үшін 6 мектеп автобусы мен 2 Газель автокөлігі сатып алынды, ал 2014 жылдың наурыз айында тағы да  3 мектеп автбусы алынды.

Хабарда атап өтілгендей, ауданның оқушылары оқулықтармен 100% тегін қамтамасыз етілді. 2014 жылы 3,5,10 сыныптарға оқулықтар қайта шығарылады және оларды сатып алуға 19 млн  теңгеден астам қаржы бөлу көзделуде.




Яндекс.Метрика