2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Б. Байбек СҚО-ның өнеркәсіп нысандарын аралады

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіп секторы үшін қондырғы шығаратын Петропавл ауыр машина жасау зауытының жас жұмысшыларымен кездесті, деп партияның ресми порталы хабарлады.
Солтүстік Қазақстан19 Тамыз , 11:57

Кәсіпорынның жұмысымен танысқан соң, Б.Байбек зауыттың жас жұмысшылары – инженерлермен, конструкторлармен, машина жасау мамандарымен т.б. кездесті.

Партия қызметі тиімділігінің көрсеткіші жастарды жаңа Қазақстанның дамуына белсене үлес қосуға жұмылдыру болып табылмақ.

«Нұр Отан» партиясы Доктринасының негізгі құндылықтарының бірі – қуатты экономика. Партиямыздың Көшбасшысы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастардың техникалық мамандықты игеруіне баса назар аударуда. Бұл әсіресе елімізде индустрияландырудың жаңа кезеңі басталған уақытта барынша маңызды. Сіздер сол жастардың жаңа білімді меңгеріп, ғылыми-техникалық даму көшінен табылатын шоғырысыздар. Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жастар бос отырмай, еңбекке ұмтылуы керектігін айтты. Жұмыс орындары ашылуда, ендеше Сіздер еңбек етіп, өз болашақтарыңызды өз қолдарыңызбен қалыптастыруларыңыз керек», - деді Б. Байбек.

Айта кетейік, зауыт 50 жылдан асқан уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні кәсіпорын Қазақстанның және алыс-жақын шетелдердің технологиялық нарығындағы алдыңғы қатарлы өндіріс орны саналады. Кәсіпорында 1000-нан астам адам еңбек етуде, олардың төрттен бірі - жастар. 

 




Яндекс.Метрика