Халықаралық интеграция

Роскосмос жыл соңына дейін Байқоңырдан 2 кемені ұшыруды жоспарлауда

Роскосмос мамандары Байқоңыр ғарыш айлағында «жазғы демалысқа» уақытша тоқтатылған «Союз-ТМА-М» және «Прогресс-М» кемелерінің ұшыру дайындығын қайта бастады, деп қазақстандық ғарыш агенттігі Роскосмосқа сілтеме жасай отырып хабарлады.
Қызылорда19 Тамыз , 11:28

«Жыл соңына дейін Байқоңырдан «Союз ТМА-14М» (26 қыркүйек) және «Союз ТМА-15М» (24 қараша) басқарылатын кемелерін, сондай-ақ «Прогресс М-25М» (29 қазан) жүк кемесін ұшыру жоспарланып отыр. «Прогресс М-26М» транспорттық жүк кемесінің ұшырылуы 2015 жылғы ақпанның басына белгіленген», - делінген хабарламада.

С.П.Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорацияның және «Южный» ғарыш орталығының мамандары «Союз ТМА-14М» транспорттық басқарылатын кеме және «Прогресс М-26М» транспорттық жүк кемелерін қайта іске қосу бойынша жұмыстар орындады.

Қазіргі таңда ғарыш айлағында тағы бір жүк кеме бар – «Прогресс М-25М». Оның ұшыру дайындығы қыркүйектің соңында басталады.Жақында Байқоңырға тағы бір басқарылатын кеме жеткізілді – «Союз ТМА-15М»

 




Яндекс.Метрика