Өңірлер

Қызылордада жылу маусымының дайындық жұмыстарына 500 млн теңге бөлінді

Қызылордада әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары мекемелерін жылу маусымына дайындауға 500 млн. теңгеден астам қаржы бөлінеді.
Қызылорда19 Тамыз , 10:58

Бүгінде тағы 2 жылу агрегатын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, олардың бірі қосалқы болып саналады.

Оған қоса, Қызылорда жылу электр орталығын жаңғырту мен кеңейту жобасының техникалық экономикалық негіздемесі жасалды. Мақсат - электр қуатын өндіру көлемін арттырып, аймақтың энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

«ІІІ инвестициялық форумның шеңберінде Қазақстан даму банкімен осы жоба бойынша 8,6 млрд. теңгеге несиелік келісім жасалды. Облыстық бюджет бұл жобаға 1 млрд. 700 млн. теңге көлемінде қоса қаржыландыру шарты бойынша қатысады. Өзінің жұмыс істеу мерзімі ескірген жабдықтар қазіргі заманғы жоғары тиімділігі бар бу-газ технологиясымен алмастырылатын болады», - делінген хабарламада.  

Еуропалық қайта құру және даму банкімен Қызылорда қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша жобаны қаржыландыру жөнінде сәуірде алдын ала келісімге қол қойылған-ды. Банк бұл жобаны жүзеге асыруға 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлетін болады.

 

 




Яндекс.Метрика