ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

БҚО-да білім саласына 39,9 млрд теңге бөлінді - әкімдік

Ағымдағы жылы білім саласына 39,9 млрд теңге қарастырылды, бұл облыс бюджетінің жалпы көлемінің 33% құрайды, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімдігі.
Батыс Қазақстан19 Тамыз , 10:41

Тек соңғы үш жылдың өзінде білім саласының бюджеті 2,2 млрд. теңгеге артты.

Келелі кеңесте облыс әкімі Нұрлан Ноғаев атап өткендей, аймақта жоспарлы жұмыстың арқасында үш ауысымдағы мектептер жойылды. Алайда мамандар тапшылығы мен аз қамтамасыз етілген мектептер проблемасы әлі де бар.

«Аймақта педагогикалық колледж, жоғарғы оқу орындары болғанымен мамандар тапшылығы қатты сезіледі. Әсіресе  ауылдарда. Жастар ауылға барып жұмыс істегісі келмейді, алайда біз оларға барлық жағдайды жасап отырмыз. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында үй сатып алуға несие және бір реттік жәрдем ақы беруеміз, оның үстіне аудандарда жас отбасыларға арналған үйлерді де салып жатырмыз. Барлық жұмыс сапалы білім беру  мақсатында жүргізіліп жатыр. Оған балалардың болашақта қаншалықты бәсекеге қабілетті болатыны байланысты», - деді аймақ басшысы.

«Сонымен қатар, әкім атап өткендей, биылғы 4375 мектеп бітірушінің 3307 ҰБТ-ға қатысты. Облыс бойынша орташа балл - 81,25 құрады, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары. Жалпы түлектердің 112 -  «Алтын белгі» игерлері, 47 қызыл атестат алды», - деп атап өтілген хабарламада.




Яндекс.Метрика