Өңірлер

Атырау облысында көкөніс алқабы 8 есеге артты

Атырау облысында соңғы екі жылда картоп алқабы 22 есеге, көкөніс алқабы 8 есеге жуық артты.
Атырау19 Тамыз , 10:07

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, соңғы екі жылда тамшылатып суару әдісімен егін егу  3 есеге жуық өсті, келер жылы 1 500 гектарға жетеді.

Мәселен, дәстүрлі тәсілмен 1 гектардан 10-12 тонна картоп алынса, тамшылатып суарумен – 40-50 тоннаға, пияз 25 тоннадан 80-100 тоннаға артып отыр.

Көкөністерді өндіріп өңдеп және консервілеу жобасы қолға алынды. Биыл құрылысы аяқталып, келер жылы 25 мың банкі консерві шығарылатын болады.




Яндекс.Метрика