Өңірлер

«Жасыл дәліз» бойынша Қазақстанға 32,3 мың тонна көкөніс пен жеміс-жидек әкелінді – КБК

«Жасыл дәліз» жобасы іске қосылған сәттен бастап Қазақстанға жалпы салмағы 32,3 мың тонна, 37,2 млн. АҚШ доллар сомасында көкөніс және жеміс-жидек әкелінді, деп Кедендік бақылау комитетінде хабарлады.
Казахстан19 Тамыз , 09:51

«Бақты» өткізу пункті арқылы ҚХР-дан өткізілетін өнімдердің негізгі көлемін томаттар 40,8%, алмалар 11,1%, мандариндер 8,5%, бұрыштар 7,9%, шырындар 7,6%, қиярлар 5,3%, картоп 4,8% және баклажандар 2,4% құрайды.

Кеден органдары өткізу пункттерінде кедендік ресімдеу уақытын қысқарту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. «Бақты» кеден бекетінде жағдай жасау үшін қайта құру жүргізіліп, өнімді өткізу үшін бұдан басқа бөлек жолақ бөлінді, кедендік бақылаудың жаңа автоматтандырылған жүйесімен жарақтандырылды, ауыл шаруашылығы өнімінің тоқтаусыз өтуін қамтамасыз етуіне жауапты, құзыретті ведомстволардың қызметкерлері анықталды, бұл шекарада кезекті болдырмауға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Сондай-ақ, «Жасыл дәліз» жобасына дейін 661-ден өткізу пунктінде жүргізілген кедендік тексерулердің саны және жобаны енгізгеннен кейін 29 тексеру қысқартылды.

 




Яндекс.Метрика