Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Электрондық үкімет порталында «Мобильдік үкімет» бойынша сауалнама жүруде

Еgov.kz порталында азаматтардың электрондық үкіметтің сол немесе өзге де мобильдік сервистерін пайдалануға дайындығын, сондай-ақ олардың қажеттілігін бағалауға көмектесетін сауалнама іске қосылды, деп порталда хабарлады.
Нұр-Сұлтан19 Тамыз , 09:16

Сауалнамаға қатысу үшін egov.kz электрондық үкімет порталына кіру, «Көлік және коммуникация» бөлімін, сонан соң «Коммуникациялар» салымын таңдау, пайда болған тізімде «Мобильді құрылғылар үшін қызметтер мен сервистер жөніндегі сауалнаманы» табу қажет.

Әзірлеушілер атап өткендей, сауалнама барлығы 15 сұрақтан ғана тұрады және оны толтыру көп уақытты қажет етпейді. Бұл ретте әрбір пікір «Мобильдік үкімет» жобасы мамандарымен міндетті түрде зерделеніп және ескерілетін болады. 




Яндекс.Метрика