Инвестициялар

Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласына инвестиция соңғы екі жылда 4 есеге өсті – әкімдік

Ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік және жекеменшік инвестиция соңғы екі жылда 4 есеге өсіп, 2,7 млрд. теңгеден 11,3 млрд.теңгеге жетті.
Атырау19 Тамыз , 09:01

Ауыл шаруашылығы саласы бағытында жалпы құны 4 380 млн. теңге болатын 4 құс фабрикасының жобасы бар. Оның 3 млрд. теңгесі жеке кәсіпкерлер есебінен.

Сүт бағытында заманауи үлгіде және батыс технологиясымен салынған «Первомайский» сүт фермасына АҚШ-тан голштино-фриз асыл тұқымды 500 бас мүйізді ірі қара сатып алынып, ферма өз жұмысына кірісіп кетті. Алдағы уақытта ферманы 1 мың басқа көбейту жұмысы жүргізілуде. Жобаның 2 кезеңі де аяқталған соң жылына 7,2 мың тонна сүт және сүт өнімдері шығарылатын болады.

«Екінші ерекше жоба - түйе және қой жүндерін өңдеу және тоқыма бұйымдарын шығару фабрикасы. Жылына 100 тонна түйе және 350 тонна қой жүнін өңдейді. Жобаның құны - 600 млн. теңге», - делінген хабарламада.

 

 




Яндекс.Метрика