Халықаралық интеграция

Қазақстан мен АСЕАН елдері ынтымақтастықты нығайтаға мүдделі – СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігінде СІМ Басшысы Ерлан Ыдырысовтың Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы (АСЕАН) мүше-мемлекеттерінің Қазақстанда аккредитацияланған елшілерімен кездесуі өтті.
Нұр-Сұлтан18 Тамыз , 19:08

Ведомствода хабарлағандай, іс-шара Қазақстанның АСЕАН шеңберіндегі ықпалдасу мәселелеріне, еліміздің сыртқысаяси мекеме басшысының Оңтүстік Шығыс Азияның Вьетнам, Индонезия, Малайзия және Сингапур елдеріне сапарына және БҰҰ-ның Өркениеттер Альянсының VI жаһандық форумы (Бали, Индонезия) мен Дамушы шағын аралды мемлекеттері мәселелері жөніндегі БҰҰ Саммитіне (Апиа, Самоа) қатысу дайындығы мәселелеріне арналды.

Кездесуге Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Хоа Нгуен Ван, Индонезия Республикасының елшісі Фостер Гултом, Малайзия елшісі Хидайат Абдул Хамид қатысты.

Қазақстан сыртқы саяси мекемесінің басшысы АСЕАН елдерімен және Ассоциацияның өзімен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК), Азиядағы ынтымақтастық диалогы, «Азия – Еуропа» Форумы (АСЕМ) секілді көпжақты аландарда ынтымақтастықты нығайтудағы пікірлермен бөлісті.

Министр өз сөзінде Азиядағы өзара түсінісушілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған АӨСШК пен АСЕАН араларында өзара тиімді берік байланыс орнығуы керек екенін атап өтті.

«АӨСШК құрылуының бастамашысы болған Қазақстан АӨСШК пен АСЕАН арасында Өзара түсінушілік туралы меморандумына қол қойылуын құптап, Ассоциацияның бірқатар мемлекеттері жақын арада АӨСШК құрамына мүшелер немесе бақылаушылар ретінде кіреді деген ниетін білдірді», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика